Кешеу күзде

Бұл бетте «Кешеу күзде» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1197
Тағы да, міне, кешеу күз,
Тағы да тұман, боз қырау.
Қабағы қату, мешел құз,
Оңдың-ау, орман, тоздың-ау.
Қаланың үстін кешеден
Туырлық бұлттар тұр тұтып.
«Жауады-ау, сірә» деседі ел,
Күзгі де болса, нұр күтіп...
Ойлаймын: «Қара суық қой
Далада, қырда деп қазір.
Қойшылар, шіркін, жігіт қой,
Азаннан бері атта жүр».
Аспанның сұсты түрі тым,
Бұлт ауып кетсе деп жүр ме?
Жаңбыр боп шөпті жібітіп,
Бір жауып кетсе деп жүр ме?
Жүр ме әлде ойлап сол адам
Қызылды-жасыл қаланы.
Кіндік жіппенен ораған
Қия алмай жүр ме даланы?..
Әлде ол әнеу бір күнгі
Тырнаның дауысын жүр ме ойлап?
Кешегі алау гүл – қырды
Кешкен күндерін нұр жайнап.
Менің де көңілім ұйтқиды
Жалаңаш, жайдақ баққа кеп.
...Қабығында әне шық тұрды,
Күн жаумай жылап ақ терек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешеу күзде өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Кешеу күзде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешеу күзде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешеу күзде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері