Тағдырына таудан көмек сұрамай – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Тағдырына таудан көмек сұрамай» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 622
Тағдырына таудан көмек сұрамай,
Бұлт қойнына енгендей бір жылап ай.
«Маза бер» – деп түрегеліп кетердей,
«Мыңмен жалғыз алысып» – өткен ұлы Абай.
Шыр-шыр етіп торғай ұшып қонады,
Сияқты о да, жарық дүние қонағы.
Жер астынан күңіреніп бабалар,
«Балаларға» тіл қатқандай болады.
Ағып жатыр әр арнамен әр ағын,
Ашып-жауып толқындардың парағын.
Қарап жерге көзіменен Абайдың,
«Қарауылға» бола алмаппыз қарауыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағдырына таудан көмек сұрамай өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Тағдырына таудан көмек сұрамай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тағдырына таудан көмек сұрамай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тағдырына таудан көмек сұрамай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері