Өмір көші – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Өмір көші» атты Шәмшия Жұбатова жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1160
Қауға тартып тарихтың тереңінен,
Маржан салған су тауып беремін мен.
Өмір көші көшеді көкірегімнен,
Замананың тапжылмас дерегінен.
Өмір көші барады қай жаққа алып,
Қалмаса етті бір жерде ғайбатталып.
Қақпасынан шыққалы бір шаһардың
Елді танып келемін, аймақ танып.
Ұлыс күйін тартады ұлы дала,
Күй дегенің-қазақтың мұңы ғана.
Әнсіз-күйсіз өмір жоқ қазағыңда,
Көкірегіңе түйіп қой мұны, бала.
Өмір көші, не сыр бар тізбегіңде,
Құм үстімен аққудай жүзгеніңде?
Ұшып жатқан тырналар қош демеді,
Қауырсынын біртіндеп үзгенінде.
Қиқулаған бір үн бар құм далада,
Қиқулаған дыбыстар бұл ғана ма?
Мың шам жақты аймаққа Өмір көші,
Жарық тасып барады ол мың қалаға.
Толқынымен құмдардың жүзіп келген,
Тартайықшы бір сырды үзіп бермен.
Керегеден керіліп күн қарады,
Тырна даусы жеткенде үзіктермен.
Бұрқанады толқыны бұла кештің,
Бұрылмады толқынға бір-ақ ешкім.
Мен осынау айқара аспанымнан
Көштің сырын бір тынбай сұрап өстім.
Саванна шөл шалқыды сахарада,
Сахара шөл мақсатқа апара ма?
Шырақ жанып толқыған құм үстінде
Жолаушының дәмі көп татар алда.
Саванна шөл шалқыды, тыншымады,
Аққу құсы кеудеде сыңсығалы.
Өмір көші керуен жолында тұр,
Әлденені айтуға ол ұмсынады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір көші өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Өмір көші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір көші өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір көші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері