Қосылған қос айдын

Бұл бетте «Қосылған қос айдын» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1122
Айнакөл мен Қаракөл – медиен белдің қос меңі,
Суыңа көптен шомылмай суыса ізім, кеш мені.
Жыртқанда көлдің жиегін
отарын әкем құмға айдап,
Есімде қапты біздің үй екінді ауа көшкені.
Қол созым жерде қос айдын біріне-бірі жарасып,
Толқыны тайдай тулайтын толағай көлдер таласып.
Көктемгі мезгіл – көк дүние,
сыланған шақта сылқым жер
Көз емес, мынау егіз көл – көздегі мойыл қарашық.
Қарашық көлдер қалғымай, күндіз де ояу, түнде ояу,
Жататын еді жарықтық жазира белге жарасып.
Мойылдай көлге малтимыз әлсін де әлсін жүгіріп,
Шілдеде суы қара тас, қаңтарда қатпай жылымық.
Шәрбат па деп те ойлайсың, шарап па деп те ойлайсың,
Аңсарың ауып бір жұтсаң аузыңнан суың шұбырып.
Арасы көлдің жыртылып, арпа мен бидай өсті ғой,
Жалбыз бен қияқ қырқылып, қой баққан ауыл көшті ғой.
Құм жақта жүрген қойшылар
қып-қызыл қырман қызғанда
Қарашық көлге бір ұшық ақ боп түспе десті ғой.
Аман-сау қалды егіз көл,
Шайқалмай қалды тұнық су.
Қасиетті қандай, пай-пай-пай,
Ылдида жатқан ұлық су?!
Ышқынып тасып сол көктем, қосылып кетті қос айдын,
Тың жыртқан жылы табысты қырық дос түгіл қырық су.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қосылған қос айдын өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Қосылған қос айдын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қосылған қос айдын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қосылған қос айдын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері