Күлдім, ойнадым кезінде – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Күлдім, ойнадым кезінде» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1299
Күлдім, ойнадым кезінде,
Бір күн ойладым: «Сезімге
Кеудем жүргенде күмбірлеп
Құл боп кетпейін, құрғыр», – деп.
Сосын сескеніп, сақтанып,
Судай тазарып, сүттей ақталып.
Жұртқа сыртынан сұқтанып,
Жанасып кетуге шақ қалып.
Жүрдім, қайтейін, заң солай,
Жүрек жұлқынып шаршады-ай.
Кеше көз қырын салмайтын
Қыздар құлпырып қаршадай,
Қарайды о жаққа, бұ жаққа
«Түспейміз» дегендей тұзаққа.
«Біздер қонған құстармыз,
Сендер ұшыңдар ұзаққа», –
Деймін, деймін де тынамын,
Кей күні шыңылдап құлағым.
Кей күн өрекпіп жүрегім
Өртім сөнгендей жүремін.
– Бұл не, білсеңдер айтыңдар бір емін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері