Мінез – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Мінез» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 2033
Адамның сорлы міні – мінезсіздік,
Сананың солғындығы – мінезсіздік.
Ерлік те, еркелік те – бәрі мінез,
Болмаса тым есерлік, тым ессіздік.
Мінездан табады адам дос та, жау да,
Табады кейде бейнет, басқа сауда.
Мінезсіз мінсіздерден мінезділер
Бақытсыз болған емес ешқашанда.
Ей, досым!
Жүз шайысып қалысармыз,
Тобық қағып, аяқ та шалысармыз.
«Ер шекіспей бекіспес» деген қазақ,
Мінезің болса болды, табысармыз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері