Шешемнің бір хаты

Бұл бетте «Шешемнің бір хаты» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1582
...Сен кеткен соң кешкісін суға бардым,
Сол шау өзен жататын қырда қалғып.
– Суға неге келдің, – деп тулап алды,
Су қараңғы топас бір толқын келіп,
Толқып тұрған кеудемнен тырнап алды.
Жаулығыммен жасырып, жарқабақта
Жалғыз тұрып жанарды сулап алдым.
– Иініңе иінағаш неге салдың,
Сезілген бе жоқтығы қара шалдың?
Қос ұл қайда, қараға қосып ең ғой
Бөліп беріп текемет, алашаңды.
Қайда дейді келіндер мың майысып,
Құрақ болып жүретін құрдай ұшып.
Тірі ұлдарың тұрғанда жалғыз жүрген
Қияңқысың немесе қимайысың.
Арықтау деп аяды, сөкті мені,
Парықтау жоқ, баяғы көк мінезі.
Жарықтау боп тұрды іңір жалқын қырда,
Солықтап кеп самал жел өтті кезіп.
Мен келемін, сендерді ойлап келем,
Ойларымды сендерге арнап келем.
Екі шелек – екі отау,
Екі отауды
Бір ағашпен көтеріп жалғап келем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шешемнің бір хаты өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Шешемнің бір хаты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шешемнің бір хаты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шешемнің бір хаты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері