Өліара найзағайы

Бұл бетте «Өліара найзағайы» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 917
Наурыз бенен өліарасы сәуірдің
Сілкінетін кезі көктем – дәуірдің.
Қоңыр төске қонар кезі ауылдың,
Қунар кезі көктем күткен қауымның.
Сәби таңның сәулесімен жылт еткен,
Қаулар кезі қызғалдақтың қылт еткен.
Саумал кезі – шарасында сулардың,
Самал кезі – жел қанаты үлп еткен.
Сондай шақта, сонау ауыл сыртында
Шырқ айналған жаңа маусым бұлтында,
Бір найзағай келе жатты тұтанып,
Көк аспанның көк етін бір жыртуға.
Көк көлдердің селт еткізіп өзін бір,
Көк белдердің ашқызуға көзін бір.
Көк жасылдау, бояуы аздау дүниеде
Оянсын деп басқа бояу – сезім дүр,
Өртенуге қияды екен өзін бір.
Содан кейін кемел көктем құлпырар,
Сансыз бұлақ өзді-өзінше бұлқынар.
Қыршын жасын пір тұлғасын жер көміп,
Өлара өтер...
Өлкемізге гүл тұнар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өліара найзағайы өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Өліара найзағайы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өліара найзағайы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өліара найзағайы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері