Сен қайдасың, мен қайдамын бұл күнде? – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Сен қайдасың, мен қайдамын бұл күнде?» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 3030
Сен қайдасың, мен қайдамын бұл күнде?
(Мүмкін сенің келмес оны білгің де...)
Жүрегіңде гүлмін, яки тікенмін,
Кездессең де басы алтын бір дүлдүлге.
Жүрегіңде гүлмін, яки тікенмін,
Жүрегіңе біткем, бірге бітермін.
Шешімі жоқ сауалың боп мен сенің
Жүйкеңді әбден жұқартармын, түтермін.
Сен қайдасың, мен қайдамын, белгісіз,
Оттай дүние опасызы-ай болды сыз.
Махаббатқа естен танып, ес жисаң,
Тірілгенмен, тірі өліксіз енді сіз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері