Адам еркі

Бұл бетте «Адам еркі» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1420
Адам еркі тағдырдың ырқында ма,
Тағдыр қысып, қымқырып, қымтуда ма?
Нала-мұңы жұғатын сыртында ма?
Бақыт-бағы кілттеулі құлпында ма?
Нала-мұңы неліктен бізге үйірсек?
Бақыты ғой аңсайтын біз күйінсек.
Тағдыр дейміз сапарды бір қиыр шет,
Тағдыр дейміз талқыны бір бүйір сот.
Тағдыр,тағдыр...
Кейде ол күндей жарық,
Жүрегіңді жүргені бірге айналып.
Бірге күліп өзіңмен, бірге ойланып,
Міне, осылай жүресің тағдырыңнан
Бір мұқалып, жұқарып, бір қайралып.
Дей алмаймын біз оның ырқындамыз,
Айтайын ба, айтайын, сыр тыңдаңыз:
Найзағайдай жарқылдап ойнағанбыз
Төніп келген тағдырдың бұлтында біз.
Тағдыр – тәлкек, жасқанып бұқпаласаң,
Тағдыр – талқы, талқыға тік қарасаң,
Бұқпалау мен тік қарау – жүрек ісі,
Жүрек ісі бола ма құптамасаң?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам еркі өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Адам еркі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам еркі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам еркі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері