Ақшығанақ – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Ақшығанақ» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1829
Шығанақ десе шығанақ,
Құп-құйттай мүйіс – шым қайрақ,
Күн нұрыменен бірге ойнап,
Жататын еді-ау жарықтық
Бір жағын Тосын құм жайлап,
Бір жағын жазық қыр жайлап.
Азғантай ауыл анталап,
Алдымнан ылғи шығатын.
Көзімнің алдын қалқалап
Кіреуке мұнар тұратын.
Жолбасшы досым көлікті
Қорымға қарай бұратын.
Санам да сол сәт тыңайып,
Сағым да бір сәт сынатын...
Анау бір ылди анау сай,
Бөлек пе, құрғыр, ауасы-ай?
Балалық дәурен, балауса ай,
Бір ғана сәтке оралшы-ай....


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері