Алыс-алыс, алыс қалды – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Алыс-алыс, алыс қалды» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1847
Алыс-алыс, алыс қалды...
Туған ауыл қалды алыс...
Сағыныш та сейілгендей балалықтай алданыш.
Сары жотада біз иіскеген селдірепті боз жусан,
Сары қопада сыбызғыдай сидиыпты сары қамыс.
Саумал көлдер сабасынан ортайыпты, ашыпты,
Сағым белдер ажарынан әр тайыпты, жасыпты.
Сары даланы көктеп-шандып асфальт жолдар басыпты,
Көк «Волгалар», сұр «Волгалар» қаусырыпты қашықты.
Жә, несі бар, көл орнында көлбеп жатыр көк егін,
Бел орнында – Байқоңыр.
Ел алдында көтеріп тұр қазағымның беделін.
Өзі көктеп, өзі өрнектеп құлпыртатын бұл дала
Көріп жатыр, көрсін енді шебер қолдар «өнерін».
Сонда қалай?
Туған ауыл алыс дейміз неге біз?
Алыстаған ауыл емес, ауырлаған денеміз.
Қазір, сірә, ауыл үшін ауырмайды баяғыдай жанымыз,
Ал, әйтпесе, сол орнында туған құйттай төбеміз.
Алыс-алыс, алыстаса туған ауыл санаңда,
Туған жерді түрленттің деп кейимісің заманға.
Жер өзгерер, ел өзгерер...Сен өзгерді екен деп,
Махаббатын өзгерте ме әлдилеген анаң да?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алыс-алыс, алыс қалды өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Алыс-алыс, алыс қалды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алыс-алыс, алыс қалды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алыс-алыс, алыс қалды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері