Талай сапар жалғасар – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Талай сапар жалғасар» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.02.2018
  • 0
  • 0
  • 1966
Жалғанда жақсылықтан үмітті көп,
Жаныңды түлетпей ме тұнық тілек.
Жазықсыз кіналаудан мен аулақпын,
Айтуға көңіл қимас ұмытты деп.
Кетпейтін естігеннің құлағынан,
Жалғасып келе жатыр бұла бір ән.
Сабақталып ой келді ой артынан,
Аумай қалып Бүркітті бұлағынан.
Жарылып талай жандар жүр ағынан,
Тілеумен жақсылықты ұзағынан.
Талай сапар жалғасар туған жерге,
Ажалдың аман жүрсем тұзағынан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері