Өлең, жыр, ақындар

Бала жайлы баллада

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 908
I
Дүние төңкеріліп табан асты,
Аспан — Жер астан-кестен араласты.
Қапыда құдай құрып, қара басты,
Үйінен безіп шығып жас келіншек,
Табан асты жынданып дала қашты...

II
Жанұя, бала-шаға, жар қызығы,
Ерлі-зайып екеудің бар қызығы —
Әуелде болған еді жалғыз ұлы.
Жарасқан жұбайлардың бал жүзінен
Таматын шырай шашып таң қызылы.
Құстары көктемінің ерте жетті,
Баласын бөлек жаяр өркені етті.
Қос жұбай қос тағдырын көркем етті,
Жанының жарығы етіп жалғыз ұлды,
Жұбайлар жүрегінде еркелетті.
Ананың бар тамырын иіткені,
Бала да бір ғажайып сүйікті еді.
Әкенің төбесіне тиіп көгі,
Сәбидің әрбір қылық мінезінен.
Мерейі мұнарланып биіктеді.
Өмірге көп ұзамай тағы ұл келді,
Әке-шеше тағы бір бағын көрді.
Көңілі қос жұбайдың — ағын көлді,
Жас иіске ауысып, тұңғышының
Баяғы қылықтары сағымға енді.
Тұңғышы болды емшекті еме алмайтын,
Жас иіс ана көңілін көп арбайтын.
Үй қамы, бала қамы... дем алмайтын,
Ұрысып қоятын-ды күйеуіне,
Түн бойы көз ілмедім дегенді айтып.
Арнаумен нәрестеге күні-түнді,
Тұңғышты еркелету ұмытылды.
Тұңғышының көңілінде тұңғыш рет,
Сәбилік қызғаныштың күні туды.
Бақыты бауырының тамсантты көп,
Баяғы еркелігін аңсап тілеп.
...Әкеге ылғи шеше ұрысатын,
— Ұйқы жоқ, мына балаң шаршатты,—деп.
Баламен өткен күйбің күнді санап,
Белгісіз бір ашуы түр-түсін ап:
— Отырысым мынау,— деп —ұйқысырап,
Дүкенге де шыға алмай, көршісіне
Кеткен-ді шеше бірде шырпы сұрап...
Сол сәтте Тұңғыш ойға тұрды бекіп,
Сәбилік жүрегі мен қол дір етіп,
Жанарын бауырының мөлдіретіп,
Балконнан баланы алып тастап төмен,
Жіберді жаялықпен желбіретіп...
Баланың өзіне ұнап бұл істері,
Ішінен өзі құптап дұрыс деді.
Келген сәт анасы іске кіріскелі,
Жақсылық жасап сәби шешесіне:
— Мама, енді ұйықтайсың тыныш,— деді...
Болғанын бір нәрсенің сезді анасы,
Қарап тұр таңырқанып өз баласы,
Кәдімгі сәби көңіл — көзқарасы.
Бесінші қабаттағы балконынан
Баласын жерде жатқан көрді анасы...

III
Осылай қайғы кешті бұл баспана,
Жегідей, жанын жемей тынбас жара.
Жүзі — қайғы, жүректе—мұң, масқара
Күнде келіп жүреді әкесімен,
Жындыхана алдына бір жас бала!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ боз үй

  • 0
  • 0

Қалсам да қалада осы бағым жанып,
Жүргем жоқ базбіреудей жанын бағып.
Қиналсам жүреді ылғи түсіме еніп,
Ауылда ақ боз үйім сағымданын.

Толық

«Шөл дала» дейді, «шөл дала»

  • 0
  • 0

«Шөл дала» дейді, «шөл дала»,
Шөл далада тегін адам жүрмейді.
«Шөл дала» дейді, «шөл дала»,
Шөл далада өмір барын білмейді.

Толық

Сахара суреті

  • 0
  • 0

Көзбен кермей, білмейсің,
Сахараның суретін!
Өмір сүрмей, білмейсің
Сахараның құдіретін...

Толық

Қарап көріңіз