Былтырғы ағаш қайтадан биыл көгерді
Бұл бетте «Былтырғы ағаш қайтадан биыл көгерді» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Былтырғы ағаш қайтадан биыл көгерді,
Жапырағы көктеп, бұтағы түгел теңелді.
Айналасында көбелек қаптай жөнелді,
Жаратылыс-ай, көрмедім сендей шеберді?!
Менің де биыл былтырғы жарам жазылды,
Жүзімнен сынық сейілттім мұңды, әжімді.
Келістіруі-ай кешегі менен қазірді,
Жаратылыс-ай, көрмедім сендей уәжімді?!
Адам мен ағаш сонда да бірақ бір емес,
Адамның көңілі көктеген ағаш бүрі емес.
Жазылған жара, қайдан білесің, сол шығар,
Бақыт дегенің, бақыт дегенің мұң емес.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі