Аңыз

Бұл бетте «Аңыз» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 860
Ең ертеде ең алғашқы, ең тұңғыш,
Бар екен бір ең ерке құс, еркін құс.
Еркін-ерке ұшады екен әрқалай,
Қонады екен,
Болады екен әр түрлі іс.
Тойлайды екен,
Сайрайды екен әр түрлі ән.
Аспандайды,
Аттамайды ар-иман.
Сиқырлы екен қанатына нұр сіңген,
Сүйкімді екен басы айналған бір сүйген.
Бір өзінде
Жер мен аспан – екі ана,
Жер мен көкте болмапты оған шекара.
«Осындай бір еркіндік бар екен» деп,
Сұқтанды жұрт «Тоқта, тоқта, о, тоба!»
Сол ерке құс күндерінің бір күні
Көз тигендей болды тордың «тұрғыны».
Тор ішінде шырылдапты шыңғырып:
– Шығарсаңдар, шығарам, – деп, – бір бүлік.
Құс сайрапты шыбын жаны шырқырап,
Жұрт таң қапты сай-сүйегі сырқырап.
Еркіндіктің есесіне торды ойлап,
Тапқан Адам,
Ал сол Адам
Сұм бірақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңыз өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Аңыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері