Жиырмасыншы ғасырдың соңғы шені

Бұл бетте «Жиырмасыншы ғасырдың соңғы шені» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1033
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы шені,
Неткен кемел, неткен кең, көнбіс едің?
Неткен шалтсың, шапшаңсың, шыдамсызсың,
Не болады ертеңің енді сенің?
Сен бір жіптің дірілдеп екі ұшында,
Жанып тұрған жалынның отысың ба?!
Сөніп кетсең қайтеміз бір лып етіп,
Бір лау етіп уақыт қапысында.
Сонда мынау адамзат болғалы адам,
Саған қарай үмітпен жол қараған.
Іргетас қып үмітке не қалаған,
Болашақты болжаса...не қараған.
Әлде саған сенген бе, сүйенген бе,
Сенгендігі қасиет, киеңнен бе?
Кемел ғасыр, қаншама кең болсаң да,
Көнбістікті көнтері иемденбе!
Иемденбе, иеленбе, берме иіңді,
Көтердің ғой, көрдің ғой не қиынды.
Санаңдағы салмақпен басып таста,
Шапшаңдықты, шалттықты – жел құйынды!
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы шені,
Мен де иыққа көтерем сонда сені!
Сонда менде қорқыныш болмас еді,
Жіп ұшында дірілдеп жанған оттың,
Айтшы, Адамзат, жарыққа бар ма себі?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы шені өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы шені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы шені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жиырмасыншы ғасырдың соңғы шені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері