Дарқандық тойы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Дарқандық тойы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 609
Оралды наурыз араңа
Жақсылық басы сана да,
Мәнісін, жұртым, сарала,
Қосылар көп нәр санаңа.
Тілектер игі тілейтін,
Наурыз — нұрлы жыл басы.
Тазарып жаның түлейтін,
Дарқандық дәстүр жалғасы.
Береке-бірлік, достыққа
Мереке наурыз үндейді.
Ынтымақ сен де қос, құпта,
Өзгеріп өмір гүлдейді.
Қайырым, ізгі мейірім
Әмісе тізе бүкпесін.
Кеңейтіп адам пейілін
Көңіліне қынжыл іркпесін.
Балауса көктем бұралып,
Жаудырап наурыз тұр тұнып.
Жаңадан жаның нұр алып
Жасара берсін құлпырып.
Бақ-талай, жұртым, тілеймін,
Наурызға наурыз ұлассын.
Ұрпағың өсіп,мерейің
Тасытып, биік шың ассын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері