Отандасыма – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Отандасыма» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 630
Жат жерде жүрген,
боздаған бота бауырым,
Түсінемін мен,
жүректе жараң ауырын.
Отанда отыр демесең,
Күйім артық па
Ұсына алмаған
Тізгінім аттың сауырын.
Қорланып бәрін
Күйініп еске аламын,
Сыздатып жанды
жүректе терең нала, мұң...
Шарасыздықтан
Шерменде күйді
бақсының
Қобызы сынды
Сарнатып гөй-гөй саламын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері