Ұқсастық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ұқсастық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1235
Түрлі-түрлі мақам бар
Келе жатқан баяғыдан.
«Шіриді, – деген мақал бар, –
Балық басынан,
Адам аяғынан».
Тайынбайтын тасыңнан,
Ақылы жоқ балық қой.
Сондықтан да басынан
Іритіні анық қой.
Байқап тұрсаң, адам да
Балықпенен барабар.
Барлық істі әманда
Басыменен бағалар.
Аяғынан шіриді
Деген ұғым теріс қой.
Адам бастан құриды,
Айта алмаса өрісті ой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері