Қолғап – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қолғап» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1686
Көктем шыға бір бала
Атып ұрды ұрнаға
Киіп жүрген қолғабын.
«Енді суық болмайды,
Енді қолым тоңбайды,
Гүл жапты қыр жондарын».
Қолғап сонда балаға
Жалынышпен қадала,
Деді: «Ақымақ болмағын.
Көктем мен жаз, күз де өтер,
Қайта оралып қыс жетер,
Суытпай ма сонда күн?»
Бала ақылғы көнген бе?
Тағы да қыс келгенде,
Таппады іздеп қолғабын.
Соғып қардан аққала,
Жүргенде ойнап шаттана,
Алды үсіріп қолдарын.
* * *
Ей, балақай, көктемде
Қолғабыңды тығып қой.
Қайта қақап өктемдеп,
Қыс келерін біліп қой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері