Түскен тіс – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Түскен тіс» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1803
Отырғанда қонақта,
Танысымның түсті босап бір тісі.
Орап оны мұқияттап бұл кісі,
Салып алды қорапқа.
Таңдандым да сұрадым:
«Түскен тістің қажеті бар қаншалық?»
Деді ол сонда: «Естімеп пе ең, шырағым?
Жүрген жақсы тарихқа шын зер салып;
Островский өлгенде,
Мұражайына қоятын,
Көңіл бірден тоятын
Заттарын екшей келгенде,
Пьесалары болғанымен ондаған,
Бір тісі де қалмаған.
Кім біледі, мені де ажал алмай ма?
Бұл тіс сонда ескерткіш боп қалмай ма?»
* * *
Кейбір пақыр талантпын деп санайды,
Ұлыларға қарайды,
Өзін соған балайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері