Парабаза – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Парабаза» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 581
(1820)

Тұрғанда бұрқап жыр жаның
Қиялға құл ең өзің де.
Білсем деп өмір сыр-мәнін,
Асықтың білім, сезімге.
Болса да ұқсас затқа зат.
Дариды ол дара кісіге.
Қиын ғой дүние қат-қабат:
Ұлыға ұқсас кіші де.
Алмасар өмір өзгеріп,
Кеше — бар, бүгін бар тағы.
Дүниеге мен де тез көніп,
Құмарым күнде артады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері