Өлең, жыр, ақындар

«Арайлы таң!», «Қайырлы түн!»

  • admin
  • 07.09.2024
  • 0
  • 0
  • 532
«Арайлы таң!», «Қайырлы түн!»,
Қысқа ғана қайырған хаттарыңыз,
Байқатады –
бұрынғыдай емессіз, жат жаныңыз.
Аяп мені аялау қажет емес,
(Ақталыңыз демеймін, бар сырды ақтарыңыз)
Мейлі мені қинасын қимас сол шақтарымыз.
Ынтық едік.
Мен әлі сол қалпында биік көріп,
Ақтарылып жазамын сағынышты күйімді үйіп-төгіп.
Ал Сіз ... үнсіз.
Қалайша үлгердіңіз
аз уақытта сүйіп, көміп.
Кейде мен де ығыр ғып...
Сосын Сіз жазасыз амалсыздан,
(Мұны сезіп сырқырар санам сыздан),
Селқос жүрген сырбаздан сөз суырып
азаптымын мен,
ал Сіз - алаңсыз жан...
Жүрген шақта бас аман,
бауыр бүтін,
Шығаратын шығарсыз мен үшін ауыр үкім.
Ертең таңға тілекші мүмкін-ау хат келмеуі,
...Қайырлы түн!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шырайы кем, шапаны да шоқпыт түн

  • 0
  • 0

Шырайы кем, шапаны да шоқпыт түн,
Шипаң жоғың біліп тұрып, көп күттім
Маңайына жарық берген май шамдай,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Кездейсоқ Сізге кезігіп

  • 0
  • 0

Кездейсоқ Сізге кезігіп,
Оянды қалай тез үміт?!
Аңсаудан қайтем бір күні
Сағыныш Намазшамова

Толық

Мұңым емес шығар, бәлкім, бір менің

  • 0
  • 0

Мұңым емес шығар, бәлкім, бір менің –
Төгіп-шаштық шіліңгірін шілденің.
Құс жолымен қайтып бара жатыр ма
Сағыныш Намазшамова

Толық

Қарап көріңіз