Алла құлы – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Алла құлы» атты Сағыныш Намазшамова жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

Алла құлы,
Пайғамбардың үмбеті –
Пенделердің шексіз болсын құрметі.
Дүниені үйлесіммен жаратқан,
Ай мен Күннің Жерге қарап тұр беті.
Рас, қашанғы қайратты боп тұрмақ қол,
Сәждеге мың басын иеген - сымбатты ол.
Құран оқып,
табынғанмен Тәңірге,
Тек әзірге жайнамазым – жыр дәптер.
Адам бүгін орныққан соң Жерге бек,
Биіктерге талпынады өрмелеп.
Ол да, сен де, мен де кетіп барамыз,
Бір аялы алақанда дөңгелеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері