Түнек кетіп, жалғасты – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Түнек кетіп, жалғасты» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 590
(1827)

Түнек кетіп, жалғасты
Алшақ белдер жақындап.
Жанды көкте, алғашқы
Алтын жұлдыз жарқырап.
Тайды бәрі, жоғалды,
Қатпар тұман ыдырап.
Түнектің түсі сұрланды,
Ұйқылы көл жылтырап.
Аясынан шығыстың
Туар ай, міне, толғанды.
Шыбығымен шіліктің,
Ойнап толқын ырғалды.
Сәулесі жарып бұлдырды,
Ай толықсып тұр көкте.
Самал сипап жүзіңді,
Енеді біздің жүрекке.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері