Түн қойнында түпсіз қиял шырағы – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Түн қойнында түпсіз қиял шырағы» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 708
Түн қойнында түпсіз қиял шырағы,
Орманында адастырған ой мұнар.
Ессіз сәттің естелігі жылады,
Үскірігі үмітіңді тоңдырар.

Сіркірейді нөкей мезгіл нөсері,
Ешкімге де тиісті емес обалы.
Жиылмаған жардың салқын төсегі,
Шымырлаған мұңның қызыл шарабы.

Қайық малтыр қалшылында сезімнің,
Баяны жоқ бағзы соқпақ.
Меңіреу.
Табыт жүзер тамшысында көзіңнің,
Кімге керек еңіреу?!

Өкініштің өрті емес мына түн –
Қасіреттің қарапайым тұнбасы.
Өзін-өзі үгіп біткен бір ақын,
Ал, өмірді жырлашы!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері