Өлең, жыр, ақындар

Уәде

  • 22.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3242
Отанның жасы елуде,
Асады жүзден, мыңнан да.
Қараймыз күліп алдағы
Жұлдызды жарық жылдарға.
Жетеміз алыс жылдарға
Атамыз Ленин бастаумен,
Асады уақыт шыңдардан,
Басады бірге жастармен.
Отанның жасы елуде,
Жетеді жүздер, мыңдарға.
Береміз уәде Ленинге
Өзінше мәңгі сынбауға.
***
Өмірдің келешегінде
Жасымның болашағы бар.
Онда оның берешегі бар,
Және алашағы бар.
Ол - мен үшін де жасайды,
Ол - мен үшін де жазады.
Ол - тас та қашайды,
Ол - жер де қазады.
***
Асан атам өтіпті:
– Менен бәрі қалған деп,
Уым тәтті балдан деп,
Өмір деген жалған деп,
Өлім күтем алдан деп.
Асан атам өтіпті:
– Жарық деген жалған деп.
Үміт қараң қалған деп,
Арман деген алдау деп,
Ертең дүние ойран деп.
Мен де жеттім Асан ата жасына,
Аппақ сәуле құйылып тұр басыма.
Қол созамын қуантуға досыма
Бірлік деген,
Тірлік деген осы да
Сабыр, сабыр, Асан ата, шошыма!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайталау

  • 0
  • 0

Қыстан қорқып ақ боран
Қашып келем күзден мен.
Жазым қайда жоғалды
Табар ма екем іздеп мен?

Толық

Ақын

  • 0
  • 1

Кеудесі шын ақынның күй сарайы,
Алады төгіп-төгіп келсе орайы.
Жаңбырдай нажағайлы нөсерлеткен
Жерінде гүл шайқалар құйып өткен,

Толық

Екі жолдар

  • 0
  • 0

Іздеумен жүріп Сүлеймен патша жүзігін,
Өткізіп алдым өмірдің небір қызығын.
Жүргенше сүйгеніммен суынып мен,
Өлермін бұрымына буынып мен.

Толық

Қарап көріңіз