Өрмекші – Тоқтарәлі Таңжарық

Бұл бетте «Өрмекші» атты Тоқтарәлі Таңжарық жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 729
Екі дәуірдің арасын бөлген
ақжал толқынды өзен,
Кешіп өтудің мүмкін еместігін
жон арқаңмен сезесің.

Жүзіне Уақыттың мұңлы табы
ұялаған әлдебір кезең –
Бозаң да бозғылт торғынға
жасырған өзінің елесін.

Егіз қара таудың
Сілемін бағзы өрмектер қосады –
Шым-шытырық жолдардың өксігімен өрілген.
Буырыл
О бір дүниеде бүлкілдеп бұлақтар жосады,
Жасыл жамылшынмен көмілген.

Кешегі көргеніңнің барлығы
бүгін түс секілді ізім-ғайым.
Боз жусан жұпарын сімірген
боздақ қыр құшырлана.

Ғұмыр-дария –
Таң мен Кештің өткелегіне
тіршілік торын жайып,
Өз несібіңді Тәңірден күту ғана…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері