Өлең, жыр, ақындар

Соғыс туралы сөз

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1258
Соғыс деген мылтық емес атылған,
Бір сұмдықтың кілті де емес ашылған.
Соғыс мәңгі арпалысып келеді
Адам сонау пайда болған ғасырдан.
Соғысамыз ақылмен де,
Сөзбен де,
Соғысамыз аяқпен де,
Көзбен де.
Мына менің қабырғама батады
Болып жатқан ала бүлік өзге елде.
Аспан, жерді дүрліктірген атағы,
Сол сойқанның әркім дәмін татады.
Семья деген шағын ғана мемлекет,
Семьяда да соғыс болып жатады.
Соғыс өртін өшірер-ау өлмеген,
Қанқұмарлар соған ғана шөлдеген.
Өмір неге тұра алмайды қырғынсыз
Деген сұрақ тұрып алды көлденең.
Сәуір гүлі,
Сәби үні еленбей,
Қанқұмарлар оны ұқпайтын кереңдей.
Бүкіл елге бүлік болған соғысқа
Жалғыз ғана бомба жауап берердей.
Көз жіберсек
Тарих салған дерекке,
Сан соғысқа артар еді-ау ел өкпе.
Адал антын бұзған
Мұндар ісі үшін,
Айтшы, сонда өмір сүрмеу керек пе?
Бүкіл менің жан жүйемді қозғаған
Ауыр тиді «соғыс» деген сөз маған.
Қырық жылдай қуанышты күн кешіп,
Енді қандай қасіретке кез болам?
Әлі талай ашылмаған сыр бардай,
Әлі талай жазылмаған жыр бардай.
Әлемдегі бар адамның тағдыры
Бір бомбада жасырынып тұрғандай.
Қара бұлттар қорғасындай төнген кеп,
Өзегіңнен өтетіндей өңмендеп.
Соғыс өрті баяғыда тұтанған,
Бірақ әлі... бірақ әлі сөнген жоқ...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тағы да Торғай туралы

  • 0
  • 0

Ешкім бөліп алмайды ақынды елден,
Ешкім бөліп алмайды батырды елден.
Топты жарып,
Толысып шыққаннан соң

Толық

Мен сені сүйеді екем – енді білдім!

  • 0
  • 0

Мен сені сүйеді екем – енді білдім!
Қадірін қайран дүние – кең ғұмырдың.
Кеңескен бір сәтіңе жетпейді екен
Тел өскен тай-құлындай тең құрбыңның.

Толық

Кеңейіп қара шаңырақ

  • 0
  • 0

Кеңейіп қара шаңырақ,
Сарыарқа сайран – сары бел.
Қозы мен қойдай жамырап,
Қосылып жатыр қалың ел.

Толық

Қарап көріңіз