Қанжар – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Қанжар» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 625
Бір шындыққа жеткен соң,
Тура тартқан төтесін.
Әлденеге кектенсең,
Қынға сыймай кетесің.
Қауіп-қатер төнбей ме,
Бірдеңені бүлдірсең?
Адалдықтың кей-кейде
Қонышында жүрдің сен.
Сені ойласам көп сұрау,
Көңілдегі сызбысың?!
Өткірлігің өткір-ау,
Неге екі жүздісің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері