Қара теңіз – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қара теңіз» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3852
Қайран Қара теңіздің
Көп кешіп ем толқынын.
Теңіздей терең тебіренем
Есіме түссе сол күнім.
Терістіктен төнген бұлт,
Теңіз беті көк ала.
Қарауылдай мұнартып,
Қалатын жартас жағада.
Тулаған теңіз үстінде
Тітіркенбей денеміз.
Тартатынбыз қасқайып,
Қалтылдамай кемеміз.
Желкемі ойнап желменен
Қан майданға тартқан жол.
Көк болатты крейсер
Үйіміздей еді сол.
Жеңіс туы желпілдеп,
Жорықпен талай өтті күн.
Бурыл ала бұлтпенен
Ұласатын көк түтін.
Асау толқын, ағын су
Анамдай еді емізген.
Он жылдай ойнап төсінде,
Қоштастым Қара теңізбен.
Сұрапыл соғыс, сұр аспан
Сол күндер әлі ойымда.
Қаруымды алып інім тұр
Қара теңіз бойында.
1948


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара теңіз өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қара теңіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара теңіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара теңіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері