Дәптер – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Дәптер» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3373
Ортасынан оқ тескен,
Қанды дәптер көргенмін.
Жолдасымдай от кешкен,
Соған қарай бергенмін.
Ажал уын жайғанда,
Көкірегін қан жапқан.
Қаза тапқан майданда,
Қалыпты ер солдаттан.
Әрбір бетін қаңдапты,
Кеудеден қан төгіліп.
Әр жолынан солдаттың,
Жүрегі тұр көрініп.
1948


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері