Көктемде – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көктемде» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 620
Тау күліп, тас мажырап,
Манаурап нұр тұнады.
Ақ алмас күннен құлай
Шашырап құлпырады.
Үлбіреп жұпар дала
Тағады гүл тұмарын.
Бұлбұл гүлге ұмтылады
Тынбайды жыр құмар үн.
Ие боп жүрегіне
Білмедім кім тұрарын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері