Майдың гүлі – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Майдың гүлі» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1337
Майдың гүлі
Қайбір күні
Күз гүліндей реңсіз.
Ойдың нұры
Қайбір күні
Сұрқай әрі сүреңсіз.
Қайбір күні,
Қайбір күні
Үсіген гүл үлпілдеп,
У жұтасың
Ойдың мұңы
Ұлылық па, мүмкін деп.
Мүмкін...мүмкін,
Бәрі мүмкін,
Мүмкіндігің көп, Өмір!
Дүние нарқын
Емен жарқын
Бағала да, көре біл!
Қайбір күні,
Қайбір күні
Тамар көзден мол нұрлар.
Майдың гүлі,
Ойдың нұры
Семер дағы, солғындар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері