Жаңа жұлдыз, жаңа аспан, жаңа маңай – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жаңа жұлдыз, жаңа аспан, жаңа маңай» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 958
Жаңа жұлдыз, жаңа аспан, жаңа маңай,
Қалай келгем барлығын бағаламай.
Шуылдайды шалғындар шертіп бір күй,
Толқындармен ойнаған шағаладай.
Жас адаммен, жас өмір, досым жаңа,
Әуеніме, кәнеки, қосыл, дала.
Маған қалған сияқты, бабалардан –
Жұлдызды әлем сырларын ашу ғана.
Ауаменен көрінбей жүзіп келіп,
Бір ұлы күш кеткендей тізіп беріп.
Көңілімде көп сұрақ, неге олай деп,
Сәл нәрсеге таңданам, қызық көріп.
Дауыл сынды мазасыз ішкі үнге еріп,
Жүректерге жүректен ұшқын беріп,
Туған жердің бір жаңа сәлемін ап,
Жұлдыздарға тұр менің ұшқым келіп.
Бірге туып осынау жаңа кезбен,
Жалаң аяқ жақсы ғой, дала кезген.
Ақын болғың келсе егер,
дүниеге
Қарау керек екен ғой бала көзбен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері