Өлең, жыр, ақындар

Экран алды

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 987
Экран алды,
Отырдың көзіңді алмай,
Алай-түлей түтеген оқ-бораннан.
Шырқырады бір сәби төзім қалмай,
Қар үстінде анасы отқа оранған...
Алай- түлей оқ боран ышқынады,
Көгілдір экран алды тым-тырыс тек...
Бір ғана өксік көмейде қыстығады,
Оқ-боран улы зәрін жұлқына үстеп...
Сен кенет мама дедің,
Түрің кетіп,
Шошынған үніңменен түршіктіріп.
Бір қадам жерге – саған әрең жетіп,
Жығылдым,
Мен де орнымнан ыршып тұрып...
Көзіңнен ыстық жасың саулап ағып,
Мойнымды орап алды білектерің.
«Қоя ғой, қорықпа!» –деп қаумаладық,
Сананы осып түсіп шыр еткенің...
Ой-көңілден өзге жай кетті де еріп,
Отырдық, ұзақ бақылап реңіңді...
Экрандарда қалсын тек деп тіледік
Сол сурет түршіктірген жүрегіңді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сандық

  • 0
  • 0

Білмен қашан жасалғанын, кімге арнап
тапжылмастан салса қанша күн қармақ
тұратұғын төр алдында бір сандық —
керегекөз бедері бар, сындарлы-ақ.

Толық

Жар сөзі

  • 0
  • 0

Қайтемін мен, сен үшін жылаймын ба,
қатар жүзген аққу ек бір айдында.
Басқа жері жоқ па еді, неге ғана
кездестірді біздерді құдай мұнда?!

Толық

Түрме, апат, адалдық

  • 0
  • 0

Апат айдап сілкіністің толқыны,
Өзгергенде тіршіліктің көркі, үні.
Бір шетінде қирап қалған қаланың
Түрме үйі бүлінбепті сол күйі.

Толық

Қарап көріңіз