Заман бізге – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Заман бізге» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1468
Заман бізге,
Біз заманға
Берешек те,
Алашақ.
Бермеген де,
Алмаған да,
Асар бастан санасақ.
Соның бәрі
Ағымдағы
Күйбең болып кетер ме?!
Өмір сүрдік,
Іс тындырдық
Дерміз онда бекерге.
Заман – бізге,
Біз – заманға
Берейік те алайық.
Атақ-мансап,
Саудадан сақ,
Бір қасиет табайық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері