Өлең, жыр, ақындар

Адамның бар ғой іштегі ала-құласы

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1049
Адамның бар ғой іштегі ала-құласы,
Санаға тиген өмір – сабақтың кінәсы.
Әйтпесе сәби арамдық ойлап тумайды,
Таза ғой адам табиғатында туасы.
Таза ғой адам табиғатында, тумыста,
Көнбіс қой адам көндіге берер тұрмысқа.
...Бірте де бірте көз үйренеді сұқтанып,
Сұғанақ неме, қол үйренеді қылмысқа.
Бірте де бірте ой үйренеді ұрланып,
Бой үйренеді бой тасалауға қуланып.
Бой үйренеді, бой үйренеді бәріне
Бой үйренеді ушығып, ұйып, уланып.
Санаға ерік, денеге желік бітеді,
Желөкпе әсер жүйкені жүндей түтеді.
Сыртында мін жоқ, ішінде дым жоқ, көз күйік,
Пайда болады жараның нағыз бітеуі.
Көлеңкеге ұқсап, көлбеңдеп қоғам соңынан,
Қоғамды бұрыс тартады түзу жолынан.
Сынайды дағы, салады қоғам тезіне,
Өз баласы ғой, өлтіре алмайды қолынан.
Өз баласымыз, өз перзентіміз қоғамның,
Тездерге түсіп көрерміз талай топ алдын.
О, Отан-ана, «Баланы бастан»деуші еді,
Қолыңнан бізді, қолыңнан бізді алар кім?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрекке жүгіну

  • 0
  • 0

...Екеуміздің арамыз он жас еді,
Жан ағамдай көруші ем сонда сені.
Елуінші жылдардың ен ортасы,
Балалықтың қаз-қалпы қалды әсері.

Толық

Ақын мен ақ қағаз

  • 0
  • 0

Ақ қағаздың отырды ақын алдында,
(Ақ қағаз ғой оған талан, тағдыр да!)
Дастарқандай жатты ақ қағаз жаюлы,
Ал, айтып көр,

Толық

Көргеннің бәрін кеудеге қамап, шегендеп

  • 0
  • 0

Көргеннің бәрін кеудеге қамап, шегендеп,
Көздегі нұрды ақылға матап, көгендеп,
Жиырма бестегі жабырқай ма екен жас ақын
«Күндерде бір күн бізге де қарттық келер» деп.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар