Дәрігер – Аманқос Ершуов

Бұл бетте «Дәрігер» атты Аманқос Ершуов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1354
Бұл адам ба,
Бұл адам алып ерек!
Талықсысаң береді тағы көмек.
Асты-үстіне түседі бәйек болып
Сырқаттардан шықпаған жаны бөлек.
Тумаса да бір туған туысындай,
Дәрі бермес алдымен су ұсынбай.
Аяғының басады ұшыменен
Ауруларға жел түгіл, бу ұшырмай.
Бұл адам ба ,
Бұл адам қарапайым.
Қай қылығын тауысып таратайын.
Аталардан алады «Алла разы»
Сәбилердің сүйеді алақайын.
Сонысымен ірі де, қарапайым…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері