Сұңғыла шалдар бар еді – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Сұңғыла шалдар бар еді» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 1
  • 2835
Сұңғыла шалдар бар еді,
Сүмбіле шашы қара еді.
Суырылып шығып сөйлесе,
Көтерген сөздің әруағын.
Аманкелдінің сарбазы,
Әліби батыр сардары.
Таңдайдың майын тамызған,
Термені судай ағызған,
Домбыраларын күйлеген
Шежірелері алуан-ды.
Жыраулар еді шетінен
Намысын жыртқан шаршының.
Арқасы жерге тимеген
Және де көбі палуан-ды.
Өткенге айтып салауат,
Кеткеннен айтып аманат,
Тілейтін еді қанағат.
Аттамаушы еді ала жіп
Ағайындарды алалап.
Тұрып ап таңда сары ала
Шығатан еді далаға.
Қайырлы болсын айтатын
Қатардағы қай үйде
Туса да сәби-шарана.
Сұңғыла шалдар бар еді,
Шетінен бәрі нар еді.
Селдіреп кетті сетінеп,
Селдірегені жаман, ә?...


Пікірлер (1)

Кадет Сұңғыла

Недеген адамдар

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері