Бұл бетте «Үйсінтаудың Үркері» атты Кәдірбек Құныпияұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жасырмай көк шілтері,
Мұңлы сәуле бүркеді,
Үйіріліп үнсіз тұр
Үйсінтаудың Үркері.
Көк тәңірі үр демеп,
Айналасын нұр бөлеп,
Үйсінтаудың Үркері
Үйіріліп тұр бөлек.
Ұқсап алып кемеге,
Ұқсап алып денеге,
Күрсінгендей Үйсінтау
Үркер ауып төбеге.
Үйсінтаудың Үркері,
Үмітімді түртеді.
Үйірілген жұлдызы,
Бабам көшкен жұрт еді...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі