Бұл бетте «Жуғам жоқ ащы жаңбырмен» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жуғам жоқ ащы жаңбырмен
Жасыған, мұңды жанарды.
Шашым да шәркез тағдырмен
Шатыраш ойнап ағарды.
Дүние сыртын бергенде,
Мырс еттім бейбіи көңілмен
Боз жусан өскен мен белде
Бозторғай сөзі төгілген.
Төресі қару-жарақтың
Төңкере алмас тақ көрдім.
Орынын қара шанақтың
Ойыма келді ап бергім.
«Жазмыштан» бірақ озбай тұр,
Жанары тауға қараған
Тарлан бір ашқан боздай тіл,
Бауырынан күнде жараған.
Қай гүлін сөздің төкпедім
Жолыңа сенің шын ұлы!
Алқара шашты көктемім,
Арманның жалғыз құлыны
Секілді ең, кеттің ұстатпай...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі