Айтқызбай қоймады ғой мұны ұятым –
Жұматай Жақыпбаев
Бұл бетте «Айтқызбай қоймады ғой мұны ұятым» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айтқызбай қоймады ғой мұны ұятым,
Күште жоқ сыр бүгіп қап, жымиятын.
Жаным, сен–ақ кітапсың екі мың жыл
Толғанып тудыра алған Дүние – ақын.
Түрім жоқ мағынаңа сәрі қанар,
Тек сені төбесіне шығарады ар,
Кітапсың, бастан-аяқ жаттай алсам,
Мені де кемеңгер ғып шығара алар.
Көрді өмір кейітіп те сорлатып та,
Қойыным көзден ағар толды ақыққа.
Мен қашан мұқабаңды ашам сенің,
Мен қашан кенелемін сол бақытқа?!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі