Айта алмайтын бағасын кейде ерін дәл –
Жұматай Жақыпбаев
Бұл бетте «Айта алмайтын бағасын кейде ерін дәл» атты Жұматай Жақыпбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айта алмайтын бағасын кейде ерін дәл
Мерзімі бар сақталар бейненің де әр.
Күнде естесің – меңің бар ақ жүзіңде,
Биқасап көйлегің бар.
Жадым жақсы, жағымды қинамаймын,
Ибасы да асқақтау, илан, айым;
Көзді жұмсам, шығады бір көрініс
Ғажайып кинодайын.
Адам қатар өсірген айламенен
Айнала ағаш жап-жасыл айнала - емен,
Көлеңкеден шығасың... Басталады
Бір фильм «Ләйлә» деген.
Ғажап фильм осынау өңірдегі ең
Соны көріп мұңаям, көңілденем.
Жазып, қойып, шығарған режиссері
Бірақ оның Өмір деген.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі