Кешкі вокзал – Қасымхан Бегманов

Бұл бетте «Кешкі вокзал» атты Қасымхан Бегманов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1491
Қары тау боп үйілген,
Қарауытып жол жатыр.
Жүгі тең-тең түйілген,
Состав темір жолда тұр.
Шыққан канден бұрыштан,
Тіміскілеп бау ішін.
Әлдекімді ұрысқан,
Кезекшінің дауысын.
Кетем қазір зулайды,
Сан оқиға ойымда.
Кешкі вокзал шулайды,
Темір жолдың бойында.
Өтті осылай өмірім,
Туған елдің аспаны.
Құлазып тұр көңілім,
Поезд жылжи бастады.
Кездесуге әзірмем,
Суылдайды жүрегім.
Түсіп қалып қазір мен,
Тыныштыққа сіңемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешкі вокзал өлеңінің авторы кім?

Қасымхан Бегманов — осы өлеңнің авторы.

Кешкі вокзал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешкі вокзал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қасымхан Бегманов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешкі вокзал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері