Балалық – Қажытай Ілиясұлы

Бұл бетте «Балалық» атты Қажытай Ілиясұлы жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1405
Япыр-ау, қайда қалған тұлымды шақ,
Бұлдырап шабатұғын құлынға ұқсап?..
Желдетіп, желіктіріп әкеткен бе,
Қашық ән, асыл арман, шырын құшақ?!
Шұралап, шу асаудай басы қатты,
Жорыққа тағалаушы ек жас лақты.
Өлең жазып отырған мынау саусақ,
Ол күнде садақ тартты, асық атты.
Шынтақтай шұбар балық шалшықтағы,
Қуғызды, тұла бойдың балшық бәрі.
Сыйпалайсың жарылған жіліншікті,
Шыпылдап тұрған кезде қан шыққалы.
Түрлері болатұғын сайыстың не,
Бірі оның – тартысу тай үстінде.
Қамшылар жақ қылта мен алақанды,
Ысады қып-қызыл ғып қайыс күнде.
Ертеден қара кешке алмай тыным,
Жар-жақбар жұмыртқа іздеп, шарлайтынын.
Қақпан сап, тұзаққұрып, жақындаса,
Ұсталмаған құстан-құс қалмайтұғын.
Алдың қызық, балалы қартың қалай,
Түнердім, баяғыша жарқылдамай?..
Өзім жүрмін, жүгіріп өз кеудемде,
Қайта көрген дыбыссыз картинадай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балалық өлеңінің авторы кім?

Қажытай Ілиясұлы — осы өлеңнің авторы.

Балалық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балалық өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Балалық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері