ҰШ, жаным

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1955
Біз екеуміз ұқсаймыз ә?
Ұқсаймыз!
Жанқамақта күнелтеміз,
Қыстаймыз...
Аспан жақты аңсаймыз кеп ауырып,
Бірақ неге ұшпаймыз?
Сол аспаннан бір сәт күдер үзбедік,
Түсініксіз бірдеңені іздедік.
Тұңғиыққа телміріп те көргенбіз,
Бірақ, бірге жүзбедік.
Ойдан өзі жасап алып ұстаным,
Қойған қамап құс-жанын,
Мына әлем бір сәт мүлгіп кеткенде,
Қанатыңды тауып алып, Ұш жаным!
Шақырады паң кеуделі асыл күн,
Асыл күнге бас ұрдым.
Қанатыңды қай қиырға жасырдың?
Ұшып бірге өтейік,
Төбесінен мынау шулы ғасырдың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

ҰШ, жаным өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

ҰШ, жаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

ҰШ, жаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

ҰШ, жаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері