Позитив

Бұл бетте «Позитив» атты Айнұр Төлеу жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1915
Байқаймысың,
Бұрынғыдан басқамын!
Ашық қазір аспаным.
Шаттығымды шырағдан қып жолыма,
Ал қайғымды тұңғиыққа тастадым.
Көңілсіздік,
Жүрген шығар қаңғырып,
Іздеп мені таңды тағы,
Таңғы ұрып.
Ес дейтұғын ескі әлемнің есігін,
Қақпаса екен қайта келіп жаңғырық.
Осы күнім,
Өз-өзіме ұнайды!
Саф санама, сарқырама құлайды.
Ал таң сайын маңдайымнан сипалап,
Самал өзі хал-жайымды сұрайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Позитив өлеңінің авторы кім?

Айнұр Төлеу — осы өлеңнің авторы.

Позитив өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Позитив өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айнұр Төлеу өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Позитив өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері