Бөгденің сөзінде жасырын бар аңыз – Лев Гумилев

Бұл бетте «Бөгденің сөзінде жасырын бар аңыз» атты Лев Гумилев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.10.2020
  • 0
  • 0
  • 505
Бөгденің сөзінде жасырын бар аңыз:
Кезекті батырлық һәм жаттың күнәсы
Опасыз әм сараң шақтарда мұң үнсіз,
Біздерге көрінбей бабалар моласы,
Ғасырдың сағаты төсімде соғады тынымсыз...
Бөтеннің өмірі, бөтеннің өлімі,
Тірілер ділінде, үнінде басқаның.
Оралмай өткенге жалғасар өмірі,
Аттанған бақиға күркіреп аспаным.
Кітапта өртенген бұлыңғыр келбеті,
Олардың қаһарлы, үрейлі ғұмыры.
Қандары төгілді, әйтсе де өлмеді,
Бұзылып кетсе де, түспеген тұғыры,
Сенімді ұрпақтың ойынан сөнбеді.
Уақыттың ұршығы айналар тынымсыз,
Өрнектеп жүз жылдық сезімнің кестесін,
Жүректер соғады кеудемнің ішінде.
Өлмеймін, сеніңдер, өлімді кешкесін,
Өмірді сүремін бөтеннің ділінде.

Орыс тілінен аударған: Нұрбек Нұржанұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бөгденің сөзінде жасырын бар аңыз өлеңінің авторы кім?

Лев Гумилев — осы өлеңнің авторы.

Бөгденің сөзінде жасырын бар аңыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бөгденің сөзінде жасырын бар аңыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лев Гумилев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бөгденің сөзінде жасырын бар аңыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері